Тараздағы  ЖД-158/7 мекемесінде кір сабын ішінен 6 бірдей ұялы телефон табылды

0 2

Тараздағы  ЖД-158/7 мекемесінде тосын жәйт орын алды.  Жіті тексеріс аясында күнделікті тұрмыста тұтынатын қара яғни кір сабын ішінен 6 бірдей ұялы телефон мен қуаттағыш сымдар табылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қулыққа барғандар әрбір сабынды жеке-жеке ерітіп, арасына сымтетікті тығып қайта қалпына айнытпай келтірген. Тіптен бір қарағанда аңғару қиынға соғады. Дегенмен сақшы қыралығының арқасында тиым салынған заттар  темір тордың ар жағына жете қоймады. Тәркіленген 6 бірдей мобилді құралдың төртеуі «NOKIA» және екеуі «L8STAR» маркалы.

Соңғы екеуі тіптен қолға ілінбейтін, соған қарамастан бейне, фото түсіру, аудио жазуға қауқарлы. Қорап сыртында амалын асыруға әрекеттенген жолдаушының ұялы телефоны нөмірі де көрсетіліпті.

Қазіргі таңда аталған әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481 бабына сәйкес іс сотқа жолдану бағытында құжаттар рәсімделуде.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.