Жамбыл облысында күрестен Ж.Үшкемпіров атындағы халықаралық турнир өтеді

0 0
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңірден шыққан атақты спорт саңлақтарымен кездесті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
▫️Жылы шырайда өткен кездесуде қатысушылар жамбылдық спортшылардың толағай жетістіктерін тілге тиек етіп, өңір спортын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға сала отырып, болашақ жоспарларымен бөлісті.
Бердібек Сапарбаев чемпиондарға өздерінің қажырлы еңбектерімен өңіріміздің атын асқақтатып жүргендігі үшін үлкен алғысын білдірді.

Жамбылдықтар бірнеше рет Олимпиада чемпиондары атанды. Жеңімпаздардың арқасында Туымыз жоғары көтеріліп, Әнұранымыз бүкіл әлемге шырқалады. Әрине, бұл спортшылардың да, жаттықтырушылардың да қажырлы еңбегінің нәтижесі. Сіздер өз жетістіктеріңіз арқылы жастарды ынталандырып, олар үшін үлгі боласыздар. Өз кезегінде, ел басшылығы да қазақстандық спортты дамыту үшін барлық мүмкіндікті жасауда, — деді облыс әкімі.
▫️Бердібек Сапарбаев спортшыларымен жақсы жаңалықпен бөлісіп, «Тараз-Арена» спорт сарайының жанынан бой көтеретін мұз айдыны, жеңіл атлетика манежі, теннис корты құрылысы туралы айтты. Жалпы, биыл облыста 13 спорт нысаны мен 92 алаңша салынады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.