Тұрар Рысқұлов ауданында «Джип-сафари expedition» жобасының ашылу салтанаты өтті

0 5
Тұрар Рысқұлов ауданының Өрнек ауылдық округіне қарасты Әбжапар ауылында тау бөктерінде орналасқан «Тау қымыз» сауықтыру орталығында «Джип-сафари expedition» жобасының ашылу салтанаты өтті , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге белгілі эстрада жұлдыздары, спорт саңлақтары, әлеуметтік желіде белсенді блогер- журналистер келді. Аймақ басшысы қонақтарға ішкі, сыртқы туризмді дамыту жолдарын әңгімелеп, оларды нақты бастамаларға атсалысуға шақырды. Жалпы, бұл  өңірде тасын түрте қалсаңыз, тарихтан сыр тарта жөнеледі. Өйткені, жер бетінде екі мың жылдан асатын шежіресі бар шаһарлар көп емес. Мұнда көне дәуірден қалған жәдігерлер бар. Бұлар Жамбылдың туристік әлеуетін арттыруға септігін тигізуі керек.
Негізі,  3441 тарихи-мәдени құнды ескерткіш сақталған екен. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 5 нысан ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енген. Сондай-ақ ерекше қорғалатын 6 мемлекеттік аймақ және 37 негізгі туристік нысан саяхатшылар үшін өте тартымды. Ал ашық аспан астындағы «Джип-сафари expedition» шарасы облыстың осындай мыңжылдық тарихымен таныстыра отырып, туристер қызығатын орындарды дамыту және ішкі туристік ағынды түбегейлі өсіру, туристік әлеуетін танымал етуді мақсат етеді.
Бәйдібек бабамыз бен Домалақ анамызды табыстырған Топағаш жерінен басталған жол талғамайтын көліктер жарысы Сұмқайтты жазығына дейін жалғасты  Бұл аймаққа ат басын бұратын туристердің санын арттыратыны анық. Шара барысында карантин талаптары толық сақталып, келушілердің қауіпсіздігіне баса назар аударылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.