Жамбыл облысында құрғақ қымыз ұнтағы шығарылмақ

0 3

Ауылшаруашылығына қолайлы, шөбі шұрайлы Меркі ауданындағы кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары үшін биылғы жыл табысты болуда. Мұндағы кәсіпорындардың бірі өндіріс көлемін ұлғайтса, енді бірі жаңа жобаны жүзеге асырмақ,-деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Меркідегі «Ар-Ас» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы шаруашылығымен айналысуда, үш айға мерзімде сақтауға болатын бөтелкедегі қымыз шығаруда. Шаруа қожалығының басшысы Мақсұт Несіпбаевтың айтуынша, шаруашылық неміс технологияларын пайдаланады, ондағы барлық процесс автоматтандырылған. Шаруашылық құрғақ қымыз шығару ісін бастауды жоспарлауда:

-Қымыз – қазақтың ұлттық брендіне айналған сусын. Қымыздың сары қымыз, уыз қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз, құнан қымыз, жуас қымыз, қысырақ қымыз сияқты 9-ға тарта түрі бар. Негізі Қазақстанда «құрғақ қымызды» өндіру қолға алынған.Бүгінде отандық нарықта сұранысқа ие.Біз де биенің таза сүтінен жасалған құрғақ ұңтақ шығаруды қолға аламыз. Бұл – адам ағзасы үшін өте пайдалы тағам,-дейді Мақсұт Несіпбаев.

Ал 127 адам еңбек ететін Меркі ірімшік зауыты аудандағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Өндіріс бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өнім көлемі 422 тоннадан 462 тоннаға дейін арттырған. Алайда бұл максималды көрсеткіш емес, өйткені зауыт өзінің жүктемесінің 55-60 пайызында ғана жұмыс істеуде. Бүгінде зауыттағы желілерді жаңғыртуға 300 миллион теңге қаражат қажет, сонда ғана кәсіпорын толық жүктемесіне шыға алмақ. Сатып алушылар аз емес, әсіресе ресейліктер Мерке ірімшіктері мен йогурттарына қызығушылық танытуда. Директор Дастан Айтөленовтың айтуынша, оларға сүті көп ірі бірлестіктермен жұмыс істеу тиімдірек, олардың сапасы ұсақ шаруашылықтарға қарағанда жоғары.

Аймақтағы тағы бір ірі кәсіпорын — «Мерке ет» ЖШС-нің Мерке ет комбинатында шикізаттың жетіспеушілігі туындауда. Кәсіпорында 4 мың қой мен 800 бас ірі қара бар. Директор Берік Егембердиевтің айтуынша, шұғыл түрде кемінде 50 мың қойдан тұратын мал қорын жасақтау керек, бірақ оларды қайдан алу керектігіне қатысты сұрақ туындауда. Кеше ғана меркіліктер Дубайға 60 тонна қой етін жіберген. Арабтар ұшақтарды жолаушыларсыз жөнелтіп, екі жаққа да ұшу ақысын төлеп отыр. Олардың жамбылдық етке қызығушылығы жоғары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.