Жыл соңына дейін Жамбыл облысының 23 елді мекенінде мобилдік интернет желісі орнатылады

0 1

Жыл соңына дейін Жамбыл облысының 23 елді мекенінде мобилдік интернет желісі орнатылады. Бұл туралы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырова айтты, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Пандемияға байланысты оқу процесі екі түрлі форматта ұйымдастырылуда. Жамбыл облысында 442 мектепте 238682 оқушы білім алады. 229 мектепте 147 873 оқушы қашықтықтан, эпидемиологиялық жағдай тұрақты шалғай елді мекендерде орналасқан 213 мектепте 31975 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда.

Жалпы қашықтықтан оқитын мектептердегі бастауыш сыныптарда 4425 «кезекші сыныптар» ашылып, онда дәстүрлі түрде 58834 оқушы оқиды.

— Шалғай ауылдар мен «кезекші сыныптарда» барлығы — 90 809 оқушы дәстүрлі түрде оқиды. 1 сынып оқушыларының 97,4%-ы дәстүрлі оқумен қамтылды. Қашықтықтан оқитын мектептердегі 30 973 дана компьютер аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестірілді, — дейді Жәмилә Бекбатырова.

Қашықтықтан оқытуға дайындық жұмыстарының іс-шаралары шеңберінде оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге жергілікті бюджет есебінен 3137 компьютер алынған. Қазірде тағы 2723 компьютер алу жоспарлануда.

Республикалық бюджеттен 26 483 дана компьютерлік техникаға 4,1 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге мектептерге 7527 (28,4%) компьютерлік техника жеткізіліп, мектептерге таратылды (3571-планшет, 2756-моноблок, 1200-ноутбук). Қалған 18 956 ноутбук а.ж. 1 қарашасына дейін алынып, оқушыларға таратылынады.

Қашықтықтан оқитын мектептердегі аз қамтамасыз етілген және көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасылардың балаларын интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен сатып алынатын 19 880 роутердің бүгінгі күні 5480-і мектептерге жеткізілді. Қазан айының соңына дейін 14 400 роутер сатып алынады, — деді Жәмилә Елеуқызы.

Сондай-ақ, тұрғындары 250 немесе одан көп 46 ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобасы аясында Kcell (Activ) мобильдік операторы 23 ауылда актив мобилдік интернет желісін орнатқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.