Айтқазы Қарабалаев жарылған газ құбырын қалпына келтіруді өз бақылауына алды

0 0

Бүгін, Тараз қаласында газ құбыры жарылып, салдарынан бірнеше кәсіпорын мен 176 жеке тұрғын үй көгілдір отынсыз қалды. Оқиға орнына жедел жеткен қала басшысы Айтқазы Қарабалаев, қалпына келтіру жұмыстарын өз бақылауына алды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Таразда «ЖамбылТранстелеком» АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Төле би даңғылының бойындағы газ құбырын зақымдаған. Газдың шығуын тоқтату мақсатында апатты бригада ф-600 және ф-500 миллиметрлі жерасты ысырмаларын бекітіп тастады.

Апатты жағдай салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық, 4 өнеркәсіптік кәсіпорын, 27 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын және 176 жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалып отыр.

Облыс және қала әкімдігінің өкілдері, жауапты мекемелердің басшылары оқиға орнына келіп, мән-жаймен танысты. Атап айтсақ, Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев газ құбыры жарылған аумаққа жедел жетіп, оның жылдам шешілуін өз бақылауына алды. Шаһар басшысы «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің өкілдерімен бірлесіп, оқыс оқиға салдарын жедел қалпына келтіру және нысандарды газбен қамтамасыз етуді қайта іске қосу мақсатында қажетті жабдық табылуы мен техниканың жұмылдырылуына сәйкес тапсырмалар берді.

Қазір атқарылатын шаралар анықталып, қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.