Таразда жарылған газ құбыры тәулік өтпестен қалпына келтірілді

0 0

Тараз қаласындағы Төле би даңғылының бойында зақымданған газ құбыры бүгін тәулік өтпестен қалпына келтірілді. Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі мәлімдеді,- деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Күні кеше «ЖамбылТранстелеком» АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Төле би даңғылының бойындағы газ құбырын зақымдағанынын айтқан болатынбыз.

Газдың шығуын тоқтату мақсатында апатты бригада ф-600 және ф-500 миллиметрлі жерасты ысырмаларын бекітіп тастады. Ал, апатты жағдай салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық, 4 өнеркәсіптік кәсіпорын, 27 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын және 176 жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.