Жоғалған сарбаз табылды

0 0

Оқиға Жамбыл облысының Қордай ауданындағы 21450 әскери бөлімінде орын алған еді. 21-қаңтар күні сарбаз Ж.Бозбанов өз бетімен бөлім аумағын тастап кеткен болатын. Іздестіру нәтижесінде әскери қызметші Алматы қаласынан табылды,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі. Ж.Бозбанов Атырау облысы, Индер ауданында дүниеге келген. Өткен жылдың маусым айында Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылыпты. Жауынгердің өз бетінше шешім қабылдауына – сарбаздар арасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін. Ж.Бозбановтың ағасы: «әскери борышын өтеушілердің бірі ұялы телефонын жоғалтып, оған Жанболатты кінәлаған. Тіпті, оны ұрып-соққан болуы да мүмкін, ол сондықтан бөлімнен қашып кеткен»- дейді. Әсери полиция жауынгерді 30-қаңтар күні Алматы қаласынан тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.