Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатындығын айтты

0 12

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атлантикалық циклонға байланысты жылы ауа ағымдары Қазақстанға қарай өте баяу жылжып келеді. Бұған суық және қуатты Сібір антициклонының республикадағы ауа райына қатты ықпал етуі себеп болып отыр. Соған қарамастан күн райы бірте-бірте жылынады. Алдағы үш күнде циклон және онымен байланысты ауа ағындары Қазақстан аумағы арқылы өтіп, температураның көтерілуіне әкеледі, сонымен қатар боран болып, қар жауады, батыстан қатты жел соғады, оңтүстік аудандарға көктайғақ болады. Осы кезеңде ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.