Ақмола облысында автобус өртенді

0 0

Ақмола облысында рейстік қалааралық автобус өртенді, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп Sputniknews.kz хабарлады

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысының Астраханка ауылында 20 ақпан күні сағат 13.17-де автовокзал аумағында Астраханка — Астана бағытында қатынайтын, 1990 жылы шыққан Neoplan рейстік автобусы өртенді. Жалын бір шаршы метрге шарпыған. Өрт сағат 13.30-да сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Автобустың өртену себебі әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, 2018  жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан 52 адам (барлығы Өзбекстан азаматы) қаза болып, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.