Ағымдағы жылы Ақтөбе облысында цифрлы технологияларды қолдану арқылы «Фермерлік қызмет көрсету орталығы» пилоттық жобасы іске асырылатын болады деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл туралы тұрғындармен болған есеп беру кездесуде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев айтты.
Жоба шеңберінде сатылымға шығатын малдың бірыңғай электрондық базасы енгізіледі, аукцион, мал мен ауыл шаруашылығы техникасын сату алаңы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсететін қаржы институттарының кеңселері орнатылады.
Облыс әкімі бұл мемлекеттің күшті қолдауымен және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларын сәтті жүзеге асырудың арқасында қол жеткізе алатынын атап өтті.
Аймақаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерімен, сондай-ақ Ресейдің бірқатар аймақтарымен ынтымақтастық орнатылды. Айта кетейік, 2017 жылы өңіраралық ынтымақтастық бойынша тауар айналымы 26,8 млрд. теңгені құрады, бұл көптеген азық-түлік тауарларының бағаларын төмендетуге және ұстауға мүмкіндік берді