Әбден тозған Алматы — 1 вокзалы жабылатын болды

0 4

Базарға айналған вокзал! Бауыржан Байбек осылай атаған «Алматы-1» бекеті күрделі жөндеуге жабылмақ деп хабарлады КТК арнасы

Десе девокзал 10 жыл бұрын ғана түгелдей жаңартылған болатынЕнді құрылыс жұмыстарына тағымиллиардтар жұмсалғалы жатырБасшыларының айтуыншасанаулы жылдың ішінде нысанның тозығы жеткенТіптіөрт қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілмептіСондықтанқұрылыс келесі жылы басталыпекінші ретжаңарған вокзал 2020-да пайдалануға берілмек

Сырттай қарағанда су жаңа көрінген «Алматы-1» вокзалы әбден тозған дейді басшылары. Сөзіне сенбек, бекет жолаушылардың дегбірін қашыратындай күйде-мыс. Сондықтан, ішін де, сыртын да тез арада жөндеу қажет екен.

Нұрдәулет Бекжанов, Алматы-1 вокзалының бастығы:

— Екінші, үшінші жолға өтетін конкорс-переход бар. Ол переходтар тоже ремонтты талап етіп тұр. Және біздің скамейкалар, отопление жөнінде тоже ремонттарды талап етіп тұр. Және пожарный, пожар қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

Тар жерге қысылдық деп қызметкерлері де өкпелі. Айтуларынша, бекеттің іші қыста суық, ал жазда аптап ыстық.

Гүлайым Әбдиева, анықтама бөлімінің кезекшісі:

— Вокзалдың ішімен уже қаншама жылдан бері істеймінсуықҚыстың күні өте суықжаздың күні ыстық.Мыналардың бәрінен су ағадыана жерлер көрініп тұр ғойпеченьелердің бәрі түсіп тұрғансоның бәрінен су ағады.

Құлап жатқан жабындылар былтыр жаңадан жабыстырылған. Онысы да шала-шарпы жасалыпты. Ал, вокзалдың өзі 10 жыл бұрын ғана күрделі жөндеуден өтті. Іші де, сырты да миллиардтарға түгелдей жаңартылған болатын. Бірақ, мұндағылардың құрылыс сапасына көңілдері толмағанға ұқсайды. Өйткені, араға 4 жыл салып-ақ, тағы жөндеу жасатпақ болған. Тіпті, оның жобасына дейін дайындап қойыпты. Алайда, қаржы тапшылығы себеп болып, құрылыс осы кезге дейін жүзеге асқан жоқ. Ал, келесі жылы басталатын күрделі жөндеудің жобасы жазда дайын болады. Оған тағы қыруар ақша жұмсалмақ.

 

Бекжанов, Алматы-1 вокзалының бастығы:

— Қанша сомма қаржы қаралатынын жылдың соңында белгілі болады. Но жобамемен 2019-2020 жылдарға, күрделі жөндеуге где-то 5 миллиард теңге қарастырылуда компаниямыздың атынан.

Айта кетсек, бұл вокзалдан әрі-бері 43 пойыз жүреді. Ал, ол жабылса, бар азапты жолаушылар тартқалы тұр. Өйткені, темір жол көліктерінің қайда көшірілетінін ешкім білмейді. Екінші Алматыға ауысса, жолаушылардың сеңдей соғылысары анық. Ғимарат  келесі жылы жабылып, 2020-да бір ашылады. Басшыларының сөзіне сенсек, жөндеуден соң, «Алматы-1» бекеті адам танымастай өзгермек. Тек оның қанша уақытқа шыдайтыны белгісіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.