Таразда VI агрохимиялық форум өтті

0 0

Таразда жыл сайынғы дәстүрге сай ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен минералды тыңайтқыш өндірушілерінің басын қосатын алтыншы Азиялық агрофорум өтті. Негізгі мақсат Қазақстандағы агрохимия саласының бүгінгі жағдайы. Жиынға елімізбен қатар, ТМД елдерінің ауылшаруашылығы құрылымдарының өкілдері қатысты, деп JAMBYL.TB хабарлайды

Бұл форум өңірдегі өндіріс алыбы «Казфосфат» ЖШС-ігінің ұйымдастыруымен өтіп отыр. Сонымен қатар, шаруаларға өздері шығарған минералды тыңайтқыштарын көрсетуге «Еурохим», «КазАзот» секілді ірі компаниялардың да өкілдері келген. Олар Жамбыл жерінде егін, жеміс-жидек, қант қызылшасы мен бау-бақша өсіретін шаруашылықтарға еліміздегі топырақтың құнарлылығы, агро салада ғылым мен техниканың қолданылуы, өсімдіктердің фосфорлық қоректенуін арттыру секілді мәселелерді айтты.

  

Мұқаш Ескендіров «Казфосфат» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ (Қазір Қазақстанда 1 гектар жерге 4 келі тыңайтқыштан келеді. Бұл барлық азот, калий, фосфорды қосқандағы көлемі. Мысалы: біз 130 мың тонна фосфор, 200 мың тонна азот шығарамыз. Ал, бізге керегі Қазақстан бойынша 2,5 млн. тонна қолдануымыз керек. Сонда ғана өнім көлемі жақсы болады)

Форумның Жамбыл жерінде өтуі тегін емес. Өйткені, Әулиеата өңірінде «Фосфор», мен тірлі минералды тыңайтқыштар шығаратын үлкен өндіріс орындары шоғырланған. Жиында шаруалар да көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Мәселен: өткен жылы Жамбыл облысында қант қызылшасын егуге үлкен күш салынды. Алайда, тәтті түбірдің мол өнім беруі үшін оған екі-үш мәрте минералды тыңайтқыштар берілуі керек дейді шаруалар.

Қанат Шайхиев «Сыпатай батыр» ШАРУА қожалығының жетекшісі

(Минералды тыңайтқышты қолданған уақыттан бері қант қызылшасын гектарына 250 центнерден 600 центнерге дейін көткердік. Осы минералды тыңайтқыштың арқасы. Себебі, қызылша олсыз өспейді)

Форум соңында отандық тауар өндірушілер мен минералдық тыңайтқыштар дайындайтын серіктестіктердің өкілдері өзара пікір алмасты. Ғалымдар мен агрономдар шаруалар қойған сұрақтарға жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.