Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады

0 0

27 ақпан күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болмақ. Кей жерлерде жауын жауса, шығыс өңірлерде күн ашық болады. Елдің басым бөлігінде тұман болып, солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Сондай-ақ, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарының бірқатар аудандарында тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз, ал Атырауда түнде тұман болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.