Жамбыл ауданына жаңа прокурор тағайындалды. Әкімдікте жиын өтіп, аудан активіне құзырлы органның жаңа басшысын облыс прокуроры Ибраһим Иманов таныстырды, деп хабарлады Jambyl.tv
Жаңа қызметке кіріскен Қайыржан Еркінбекұлы Қуатбеков 1981 жылы Байзақ ауданында дүниеге келген.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі еңбек жолын облыстық прокуратурадан бастаған.
2013-2016 жылдары Меркі ауданы прокурорының орынбасары, 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Тараз қалалық прокурорының орынбасары қызметін абыроймен атқарған.
Жоғары кәсіби қабілеті мен қызметін жауапкершілікпен атқарғаны үшін «ІІ- дәрежелі прокуратура үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Ал экс-прокурор Нұрлан Қарашолақ зейнетке шықты.