Әулиеаталықтар Наурыз мерекесіне қалай дайындалуда?

0 0

Ертең Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін әулиеата жұртшылығы да кең көлемде атап өтеді. Бүгін орталықта дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Қаз-қатар киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылған, деп Zhambylnews  АА хабарлайды.

Сүлеймен көшесінің бойына  киіз үйлер бой көтеріп жатыр.

Ірі ұйым, университет, колледждер, кәсіпорындардың әрқайсысы өз киіз үйін құруда.

Мәз — мейрам болған балалар алтыбақан тебуде.

«Достық» алаңында да мерекеге дайындық жұмыстары қызу жүруде.

Коммуналдық қызметтер әлі де қауырт жұмыс істеуде.
Қызылды — жасылды әдемі шарлар көз қуантады.
Үстіне әдемі жабуы жабылған жылқылар да дайын.

Наурыз көже мен бауырсақ пісіретін қазан- ошақ құрылып, дайын тұр.

Тараздың тұрғындары мен қонақтары «Достық» алаңынан театрландырылған көрініс, ұлттық мәдени орталықтарының көрмесін тамашалай алса, «Киіз үйлер» қалашығын Сүлеймен көшесінің бойынан көре алады.

«Атшабар» алаңында ұлттық спорттық ойындар ойнатылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.