Діни экстремизмнің алдын алу — қоғам қауіпсіздігінің кепілі

0 2

Діни экстремизм мен терроризммен күресте оның алдын алу шараларын тиімді ұйымдастырудың берері мол. Әсіресе, бұл жұмыста жергілікті билік пен мемлекеттік органдар арасындағы іс-әрекеттердің белгіленген алгоритмі болғаны жөн. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалық етуімен өткен өңірлік жедел штаб пен облыстық терроризмге қарсы күрес комиссиясының отырысында дәл осы мәселелер күн тәртібіне қойылды, деп хабарлайды Zhambylnews.

Өңірлік жедел штабтың отырысында өңірдегі мемлекеттік органдардың қатердің кез келген түріне қарсы тұрудағы өзара іс-қимыл алгоритмі қаралып бекітілді. Сол арқылы жергілікті билік пен құқық қорғау органдары тосын оқиға кезінде жедел әрекеттерінің принциптері айқындалды. Алдағы уақытта ауыл әкімдері мен тиісті мемлекеттік мекеме басшыларын алгоритмде қарастырылған міндеттерді орындауға қатысты мамандарды оқыту семинарлары өткізілмек.

Сондай-ақ, комиссия отырысында өңірдегі аралас ұлттардың балалары білім алатын мектептердегі жағдай жан-жақты зерделеу, стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін сақтау, қару саудасын, аңшылық қарулардың сатылуын қатаң бақылауға алу мәселелері көтеріліп, құқық қорғау органдарының ұсыныстары мен пікірлері де тыңдалынды. Тоқсанына бір рет өткізілетін комиссияның кезекті отырысында жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар талқыланатын болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.