Жамбыл облысында 6 ай көлемінде 780 тұлға сотталған

0 8

Жамбыл облысында 6 айдың ішінде 780 тұлға сотталған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Нұрмұхаммат Абидов, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Әкетаев, облыстық соттың судьясы Ғалым Құлекеевтердің қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

Нұрмұхаммат Абидовтың айтуынша, ағымдағы жылдың 6 айында Жамбыл облысы соттарының қарауына 1116 қылмыстық іс түскен. Оның ішінде, үкім шығару арқылы 813 тұлғаға қатысты 722 қылмыстық іс қаралған, 248 тұлғаға қатысты 218 қылмыстық іс қысқартылған.

Сондай-ақ, сотталған 780 тұлғаның ішінде 190-ы бас бостандығынан айырылған, ал  100 тұлға шартты түрде сотталған, бас бостандығын айырудан басқа да жазаға тартылғандар – 480 тұлға, 65-68 баптарға сәйкес 5 тұлға және рақымшылықпен 5 тұлға жазадан босатылған.

Ауыр қылмыстар жасаған тұлғалардың саны 347 (39,0%)-дан 274 (35,1%)-ға дейін азайған және де бас бостандығынан айырылған тұлғалардың саны 173-тен 107-ге дейін азайған. Шартты түрде сотталған тұлғалардың саны 116-дан 97-ге дейін азайған. Сонымен бірге, аса ауыр қылмыстар жасаған тұлғалардың саны 68-ден (7,6%) 52-ге (6,7%) дейін азайған.

Ал ағымдағы жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 31 тұлға сотталған, оның ішінде 13 тұлғаға қатысты 96 097 000 тенге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған, одан 62 520 000 (65,0%) төленген, төленбегені 33 577 000 теңге (34,9%). Төленбеген 18 120 000 теңге айыппұл бойынша үкімдер заңды күшіне енбеген.

2017 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 82 тұлға сотталған, оның ішінде 35 тұлғаға қатысты 104 354 200 тенге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған, одан 100 854 200 (96,6%), төленген, төленбегені 3 500 000 теңге (3,3%).

Осы жылдың жартыжылдығында облысымыздың соттарымен 127 тұлғаға 142 926 960 теңгеге айыппұл салу жазасы тағайындалған. Одан 94 438 810 (66,1%), төленген, төленбегені 48 007 150 тенге (33,6%). Төленбеген 42 077 525 теңге айыппұл бойынша үкімдер заңды күшіне енбеген.

Соттар бойынша келесідей: Қордай – 24 489 525 теңге; Тараз қаласының №2 соты – 18 830 725 теңге; Мойынқұм – 2 645 500 теңге; Меркі – 1 202 500; Шу – 553 150 теңге; Жамбыл – 120 250 теңге; Сарысу – 60 125 теңге; Талас – 60 125 теңге; Байзақ – 45 250 теңге.

Облыс соттарымен 180 тұлғаға 137 877 692 теңгегеайыппұлсалужазасытағайындалған. Одан 126 026 121 (91,4%), төленген. Төленуге жататыны 8 332 536 (6,0%).

Биылғы жылдың 6 айында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен 528 тұлғаға қатысты 448 қылмыстық қаралып, оның ішінде кассациялық сот алқасымен 2 қаулы бұзылып 0,4% және 5 қаулы өзгертілген 1,0%.

Тергеу судьяларымен 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істер бойынша 1742 өтініш хаттар мен ұсыныстардан 1724 қаралған.

Мүлікті тәркілеуді санкциялау бойынша 40 ұсыныс қаралды.

Сотқа дейінгі іс жүргізу шешімдерінің заңдылығын және азаматтардың конституциялық құқығын қозғайтын процессуалық іс-әрекет қабылдауда талаптарын сақталуын тексеру тергеу судьялардың алдында мәселе болып қойылған.

Есепті кезең барысында облыс соттарымен мерзімінен бұрын босату туралы 423 материал, жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен 199 және ҚР ҚК-нің 6 бабы тәртібімен сот актілерін қайта қарау бойынша 57 материал қаралған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.