Тараз қаласында «TARAZ FEST» ауқымды іс-шарасы өтті

0 0

Тараз қаласының орталық «Достық» алаңында «TARAZ FEST» ауқымды іс-шарасы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен сондай-ақ, қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға 3000-нан астам жамбылдық жас қатысты. Бұл іс-шара 1-курс білімгерлерінің студент қатарына қабылданғанына орай өтіп отыр.

Қала жастары үшін ұйымдастырылған шарада танымал музыкалық q-pop жұлдыздары болды. Атап айтар болсақ, қазақстандық бойз-бэнд Moonlight, JAM toby, мен C. C. tay және бишілер қатысты.

Q-pop – Қазақстанның заманауи музыкасы. Оңтүстік Кореяда құрылған Q-pop жанырынан бастау алған жаңа музыкалық жанр. Қазақстанда алғаш рет 2015 жылы пайда болды, ал осы жанрда алғаш рет өнер көрсеткен топ – Ninety One тобы екенін айта кету керек.

Сонымен қатар,  бірінші курс студенттері үшін лоторея билеттерінің ұтыс ойыны өтіп,  бас жүлдеге мотоцикл ойнатылды. Нәтижесінде, тараздық студент Михаил  марапатқа ие болды.

Айта кету керек, жігітке «сәттілік» билеті 200 теңгеге сатылған. Кеш соңында қала жастары танымал қазақстандық диджейлерден үздік музыкалық микстерге би биледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.