Тараз қаласы әкімі бизнес саласы өкілдерімен кездесті

0 0

Бүгін Тараз қаласындағы «Достық» үйінде қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов бизнес саласы өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынға қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек, «Қазфосфат» ЖШС директоры Мұқаш Ескендіров және өңір кәсіпкерлері қатысты.

Кездесуде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы мәселелер қаралды.

— 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 28 284 теңгеден 42 426 теңгеге дейін  өсіру туралы Елбасының тапсырмасына сәйкес, қалалық бюджеттің кірістері мен шығыстары қайта қаралып, қаражаттың қажеттілік көлемі айқындалатын болады. Сондай-ақ, қаладағы ірі, шағын және орта бизнес өкілдерінің төменгі жалақының жаңа мөлшерін қуаттап, еңбек өнімділігін арттыруы қажет, — деп атап өтті шаһар басшысы Ғалымжан Райылұлы.

Сонымен қатар, облыста  24 мыңға жуық мемлекеттік қызметкердің жалақысы 35% көтеріледі. Ал, 2019 жылы облыстағы ортақ жалақы мөлшері 66 мың болады деп көзделуде.

Сондай-ақ, облыстағы ортақ жалақы мөлшері 111 200 теңгені ал, республика бойынша ортақ жалақы 162 200 теңгені құрайды.»Bastay» бағдарламасымен өткен жылы кәсіпкерлер 700 млн. теңге, бүгінгі күні 1,5 млрд. теңгеге шағын несие алып, жұмысын бастап отыр.

Айта кетейік, өңірде жүргізілген скрининг нәтижесі бойынша үстіміздегі жылы 219 кәсіпкер жер ала алмаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.