Мойынқұм ауданында «Ауыл билері» сайланды

0 2

Мойынқұм аудандық сотта аудандық ардагерлер Кеңесінің жиыны өткізіліп, аудан аумағында орналасқан 16 ауылдық округке «Ауыл билері» сайланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Басқосуға аудандық соттың төрағасы Бабырхан Абуев, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев, аудандық билер кеңесінің Төбе биі аудандық мәслихаттың депутаты Шакизат Акимов, билері ауданның Құрметті азаматы Бекмұрат Жамбылов пен Айнаш Боташева және еңбек ардагерлері қатысты. 

— Қазіргі қоғам адами құндылықтардан алшақтап барады. Арақтың буымен шаңырағын шайқалтып, ағайындықтан жеке бас пайдасын артық көріп, дүние үшін бір-бірінің кеңірдегінен алып отырғандар бар. Сондықтан да билер кеңесі дауларды шешуге септігін тигізуі тиіс. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау, алдын алу жолдарын ойлауымыз керек, — деді аудандық соттың төрағасы Бабырхан Абуев.

Сондай-ақ, жиында билер кеңесінің мән-маңызына, қоғамдағы орнына тоқталып, жастарды тәрбиелеудегі ықпалын жеткізді. 

Бас қосуда сөз алған еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Төлеген Әбдікерімов, Төбе би Шакизат Акимов билер кеңесінің құрылуы бабалар мұрасына зор құрмет екенін тілге тиек етіп, алдағы уақыттағы билер кеңесінің қызметіне сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.