Тұрар Рысқұлов ауданында 20 азаматтардың көшпелі қоғамдық қабылдаулары болды

0 3

Тұрар Рысқұлов ауданының Қорағаты ауылдық округінде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығын мерекелеуге арналған 20 азаматтардың көшпелі қоғамдық қабылдаулары  өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов, аудан әкімі Асқар Қрықбаев және бірқатар бөлім басшылары қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты билік пен шалғай ауылды елдімекендерде тұратын халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердіӊ оӊ шешімін табуға ықпал етіп, кеӊестер беру.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Т.Рысқұлов ауданында 176 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 438 адам қабылдауға келген, 143 өтініш оң шешімін тапса, 295 өтінішке заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Қоғамдық қабылдауда Қорағаты ауылы тұрғындарын толғандырған сауалдарға нақты жауаптар беріліп, ауылда және ауданда атқарылып жатқан оңды істер туралы баяндалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.