Таразда «Үкілі ару» сұлулық байқауы өтті

0 15

Облыс орталығында «Үкілі ару» атауымен қыз сыны байқауы болып өтті. Оған шаһардағы жоғарғы оқу орындарының  бірі Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мұрындық болды. Қазақтың салты салтанат құрып, аруларымыздың сұлулығы паш етілген байқауға 12 бұрымды қатысып, сынға түсті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Көктемнің шуақты күнінде үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киген  он екі ару сахна төріне шықты. Барлығы дерлік бірінен-бірі өткен сұлулар.Алдымен сәлемдесіп, өздері жайында ақпар берген арулар бұл күні бар өнерлерін аяп қалмады. Бірі әуелетіп ән салса, енді бірі мың бұрала биледі.

«Үкілі ару» байқауының өзгелерден орны ерек. Себебі, мұнда қазақ қызының ұлттық дәстүрімізге сай тәрбиесі мен біліміне де жіті мән беріледі.

Салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, өнегелік қасиеттерін бойына сіңірген парасатты қызды тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Себебі тағылымы мол шараның жас ұрпаққа берері көп,- дейді ұйымдастырушылар.

Дәстүрлі түрде өтетін сұлулық байқауы биыл осымен жетінші рет шымылдығын түрді. Оған Тараз қаласынан бөлек аудан арулары да бақ сынады. Бес номинация бойынша 15 пен 22 жас аралығындағы бойжеткендер қатысты.  

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.