Жамбылдық полицейлер тауда жоғалған әйелді тапты

0 0

Жамбылдық полицейлер тауда жоғалған әйелді тапты. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап xабарлайды.

2019 жылдың 20 сәуірінде Жамбыл аудандықполиция бөлімінің 102 тетігіне Тараз қаласының тұрғыны Александр Ан қоңырау шалып, 80жастағы әжесі Вера Кимнің саңырауқұлақ теріп жүріп жоғалып кеткендігі туралы, сондай-ақ өздерінің 4 сағат бойы іздестіріп таба алмай жатқандығын хабарлаған.

Осы хабарлама бойынша Жамбыл ауданының полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 80 жастағы қарт ана В.Ким Жамбыл ауданына қарасты «Күйік» тауының бөктерінен табылып, туысқандарына табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.