Таразда «Азаматтарға арналған қабылдау» фронт-офисі жұмыс істейді

0 2

Жамбыл облысының Полиция департаментінде 2018 жылғы 30 қарашадан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаты бойынша құрылған полицияның алғашқы «Азаматтарға арналған қабылдау» фронт-офисі жұмыс істейді,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фронт-офистің жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.30-ға дейін.

Фронт-офисте Әкімшілік полиция басқармасы мен Көші-қон қызметі басқармасының мамандары қызмет көрсетеді. Бірінші терезеде ПД ӘПБ маманының көмегімен көлікпен байланысты мәселелерді шешуге болады: автокөлікті айыптұрағынан алу, мемлекеттік нөмірді ауыстыру, жүргізуші құқығынан айыру, газ баллон жабдығын орнатуға рұқсат беру және т.б. Көші-қон қызметінің терезесінде КҚҚБ маманы Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, тұрғылықты тұратын жерін ауыстыру, ел аумағынан тыс жерге шығу және қажет болған жағдайда қажетті анықтама беру мәселелері бойынша толық кеңес береді.

Бұл жерде халыққа азаматтық және қызметтік қаруды лицензиялау бойынша көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат беріледі.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін фронт-офис күту залында төлем терминалдары орнатылған.

Сонымен қатар, фронт-офис қызметкерлері өздерінің тікелей міндеттерін орындаудан басқа құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту бойынша азаматтардың ұсыныс, пікірлерін тіркейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.