Жамбыл облысында «Болашаққа бағдар» автокеруені аудандарды аралауда

0 0

«Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы аясында «Болашаққа бағдар» ақпараттық кеңес беру автокеруені аудандарды аралауда. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталмыш жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен облыстық жастар саясаты басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

Автокеруеннің алғашқы күні Талас ауданына тоқтап, Департамент басшысы Равиль Төлебаев бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, аудан активімен және тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырды.

«Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметкерлері Талас аудандық орталық аурухананың жұмысымен танысып, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты бас дәрігерге тиісті ұсыныстар берді.

Сонымен бірге, тұрғындар арасында түрлі деңгейде сауалнамалар алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.