Жамбылдық спортшылар Румыниядан олжалы оралды

0 3

Жамбылдық спортшылар Румынияның Бухарест қаласында өткен X әлем чемпионатында бақ сынап, жүлдемен оралды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша әйелдер арасында I орынға Айкерім Рахметулла жайғасты.

Сондай-ақ, I орынды 14-15 жас аралығында Аяжан Ғаниқызы, 12-13 жас аралығы бойынша Арай Смет және 10-11 жас бойынша  Дания Ахметова алды. Бұған қоса командалық кумитэ бойынша Аружан Сатыбалды мен Зарина Серікбаева жүлделі I орыннан көрінді. Ал ерлер арасында 12-13 жас аралығында II орынды Ерсұлтан Мұрат, Мирас Жігіт және Бекзат Тұрсынбай қанжығасына байлады.

Айта кетейік, спортшылар ендігі кезекте Балқашта өтетін Халықаралық турнирге дайындықтарын бастап кетті.

Бас бапкер — Кульбаев Бағлан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.