Жамбыл облысынан жалпы соммасы 37,225 млн.теңгеге 182 тонна азық-түлік Түркістан облысына жеткізілді

0 0

Бүгінгі күнге Жамбыл облысынан жалпы соммасы 37,225 млн.теңгеге 182 тонна азық-түлік Түркістан облысына жеткізілді. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзаxметов айтты, — деп xабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Түркістан облысының Арыс қаласындағы оқ-дәрілер қоймасындағы орын алған төтенше жағдайды Жамбыл жұртшылығы да үлкен күйзеліспен қабылдады. Оқиғаға байланысты 24-26 маусым күндері Жамбыл облысының 3 теміржол стансаларында (Жамбыл, Луговое және Шу станцияларында) 11 жолаушы пойызы тоқтады. Әкімдіктердің ұйымдастыруымен теміржол станцияларында тәулік бойы медицина қызметкерлерінен 4 бригада кезекшілік ұйымдастырылып, медициналық қызмет көрсетті», — деді облыс басшысы.

Сонымен бірге, вокзал маңындағы мектептер (Тараз – №16 орта мектептен 200 орын, Шу – Макаренко мектебінен 43 орын) мен қонақ үйлерден төсек орындар әзірленіп, тамақтану пункттері ашылды. Сағат 18:15-тен бастап түнгі 01.00 дейін аралығында үш стансада 2 140 жолаушы қабылдандып, олардың барлығы тиісті бағыттарға шығуы ұйымдастырылды (854 жолаушы 29 автобус және 12 шағын автобуспен қамтамасыз етілді).

Бұдан бөлек «Қызылорда-Көкшетау» бағытындағы №056 поезға билет алған облыстың 154 азаматы (2 автобус, 2 бусик) Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілді.

25 маусымда Тараз қаласына («Һибатулла Тарази» мешітіне) Арыс қаласының 134 тұрғыны келген. (орталық мешітте 23 азамат медициналық көмекке жүгініп, оның 4 ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде 2 азамат №1 қалалық ауруханаға, 1 азамат облыстық ауруханаға, 1 нәресте облыстық балалар ауруханасында бақылауда болып, қайтарылды).

Ал 26 маусымда 118 азамат Шымкент қаласына жеке автокөліктерімен және алдын-ала дайындалған шағын автобустармен кері қайтуларына көмек көрсетілді.

Бүгінгі күнге 16 азамат (4 әйел, 12 бала) Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне орналастырылды. Барлық азаматтар 3 мезгіл тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етілген.

Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментімен ұйымдастырылған «қауырт желісінің» 2 нөміріне 182 қоңырау келіп түсті (оның 2-і туған-туысқандарын іздестіру және 180 ақпараттық сипаттағы қоңыраулар).

Алдағы уақытта 28 маусым күні Арыс қаласының 100 баласы «Болашақ» жазғы сауықтыру лагеріне және 10 бала «Тау самалы» лагеріне қабылданды. Қосымша 12 бала қабылданбақ.

«Зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету бойынша «Арыс. Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында облыстың үкіметтік емес және волонтерлық ұйымдарының мүшелері (50 адам), «Нұр Отан» партиясының филиалы, қоғам белсенділері жұмылдырылды. Көмек көрсетем дегендерге қалада орналасқан «Қамқор» қайырымдылық дүкендеріне заттарын (киімдер, аяқ-киімдер, көрпе, көрпешелер, гигеналық заттар, т.б.) өткізулеріне болатындығы хабарланып, Тараз қаласында 4 қабылдау пункті ашылды. Азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі заттар жинақталып, Арысқа жеткізілді. Жамбыл облысы алғашқылардың бірі болып алғашқы кезекте жалпы құны 6 млн. 880 мың теңгеге 5 жүк көлігімен 40 тонна өнімдерін 25 маусымда Шымкент қаласына жеткізді. Оның ішінде 10 тонна ұн, 10 тонна қант, 2,1 тонна ет өнімдері (құс еті, шұжық, тущенка), 3,1 тонна макарон және кондитерлік өнімдер, 2,9 тонна сүт өнімдері, 18 мың дана жұмыртқа және 1,7 тонна көкөніс бар», — деді облыс әкімі Асқар Мырзаxметов.

Бүгінгі күнге жалпы сомасы 37,225 млн.теңгеге  182 тонна азық-түлік тауарлары дайындалып, жөнелтілді. (оның ішінде 26 маусым күні 23 млн. 545 мың теңге болатын, 35 тонна гуманитарлық көмек жолданса, өңірдегі кәсіпкерлерден 5,3 млн теңгеге 23 тонна азық-түлік тауарлары жөнелтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.