Қасиетті айда мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек берілді

0 0

 Рамазан айында бүгінгі Қадір түніне орай Тұрар Рысқұлов ауданында қайырымдылық шарасы өтті,-деп хабарлайды «Zhambylnews»  АА.

Аудандағы Жақсылық ауылының тумасы,кәсіпкер ана Роза Құрашева  «Жылы жүрек-жомарт қол» қайырымдылық іс- шарасына ұйытқы болып, Көкдөнен және Жақсылық ауылының көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созды. Жалпы мұқтаж 21 отбасының әрқайсысына 100 000 теңгеден үлестірді. Жомарт жан барлығы 2.100 000 теңге отбасылық парыз зекетін беріп, қайырымдылық көмек көрсетті. Ауыл тұрғындары ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.