«Асар»- ата-бабадан қалған қайырлы іс

0
22

Тұрар Рысқұлов ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында көмекке мұқтаж 18 отбасыға  үй тұрғызылады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Ағымдағы жылдың 22 маусымында облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің №110 хаттамасына сәйкес халық саны мыңнан асатын елді мекендерде тұратын баспанасы жоқ отбасыларды анықтап, оларға асарлатып тұрғын үйлер салу мәселесін қарастыру тапсырылған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес аудан бойынша үйге мұқтаждық, аса қажеттілігі зерделеніп, нәтижесінде 15 ауылдық округтен 18 отбасы таңдалған.

Жамбыл облысы әкімдігінің тікелей бақылауына алынған игі іс барлық аудандарда қолдау тапты. Сөзден іске жақын Т.Рысқұлов ауданының жұртшылығы асарлатып баспана тұрғызып жатыр.

Аз қамтылған көмекке аса мұқтаж отбасыларға арналған тұрғын үйдің құрылысы 15 ауылдық округтің барлығында жүргізілмек, жоспар — 18 үй соғу.

Көпшіліктің көмегімен іргетасы қаланып, қазірдің өзінде Луговой, Абай, Қарақыстақ ауылдық округтерінде ірге тасы құйылып, қабырғалары тұрғызылуда.
Игі бастамаға ауыл тұрғындары, ерікті жастар мен қалталы азаматтар да атсалысуда. Барлық ауыл халқы ұлтына қарамастан ауызбірлік  танытып құрылысқа бар күшін салуда.

Мақсат айқын,ендігі міндет халықты жұмылдырып,асарлату әдісімен мұқтаж жандарға жайлы баспана салу. Халық та бұған өз үлесін қосары анық. Оны үйлестіру ауылдық округ әкімдіктерінің жұмысы.Елді біріктіріп, жұдырықтай жұмылдырып,бастаған істі соңына жеткізу-абыройлы міндет. Өз кезегінде қамқорлыққа зәру жандарды қуанышқа бөлеу-үлкен жауапкершілік. Сондықтан әр ауылдық округ бастаған істің үдесінен шығу үшін жауапкершілік жүгін көтеруі тиіс.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here