Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған қысқа мерзімді гранттар конкурсы басталды.
Қысқа мерзімді гранттар саны: 2
Біз төмендегі басым бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз:
- Жамбыл облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру;
— «BAGYT» жастардың креативті идеяларын қолдау және кеңес беру орталығын ұйымдастыру.
⏳ Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 20 сәуір мен 13 мамыр аралығында сағат 18:30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау:
📧 Электрондық пошта: uior.zhambyl@cisc.kz
🏢 Қағаз түрінде: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 11/5 ғимарат, 5-қабат, 504/1-кабинет, сағат 9:00–18:30 аралығында қабылданады.
✅ Конкурсқа ҮЕҰ деректер базасына тіркелген ұйымдар ғана қатыса алады.
💻 Толығырақ ақпарат пен жобаларға қойылатын талаптармен мына сайтта танысуға болады:
https://cisc.kz/
→ «Гранттар» → «Гранттар туралы хабарландырулар».
☎️ Байланыс:
+7 (702) 984 98 06
+7 (7172) 79 04 31
+7 (7172) 79 08 07