Өңірде жыл басынан бері 12 әлеуметтік азық-түліктердің бағасы өскен

0 0

Өңірде жыл басынан бері 12 әлеуметтік азық-түліктердің бағасы өскен. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашевтың төрағалығымен өткен штаб отырысында айтылды, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Жиында Берік Болатұлы, Жамбыл облысы пиязды үлкен көлемде өндіретін аймақ бола тұра пияздың бағасы жыл басынан бері 62%-ға өскенін және бағаны тұрақтандыру мақсатындағы жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмегендігін атап өтті.

Осыған байланысты ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Жандос Жақыпов негізгі азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының м.а. Данияр Жаманқұлов, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайсар Сарытай және Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру бағытында қабылданған шаралар жөнінде баяндама жасады.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев тиісті сала басшылары мен жауапты мамандарға Түркістан облысында ерте піскен көкөніс өнімдерін жеткізіп сауда нүктелеріне сатылымға шығару үшін әр ауданнан кем дегенде 5 ірі сауда орындарын анықтауды жүктеді. Сондай-ақ, әр ауданда аудан әкімі орынбасарларының төрағалығымен азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізетін арнайы топ құруды, әлеуметтік дүкендер мен сауда қатарларының санын ұлғайтуды және сақтауда тұрған қоры жеткілікті тауарларды, әсіресе нан, ұн, қант, күнбағыс май, қарақұмық жармасын тұрақты түрде негізгі сауда орындарына өткеру мен жеткізіп беру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.