Тазалық пен вакцияна кез –келген дерттің алдын алады. Оған дәлел облыста соңғы 20 жылда дифтерия мен полиомиелиттің тіркелмеуі. Бұл денсаулық саласы мамандарының үздіксіз жүргізілген жұмыстарының нәтижесі. Сонымен қатар өңірде қызамық, жедел В гепатиті және эпидемиялық паротит ауруларының деңгейі айтарлықтай төмендеген.
Дегенмен, өңірде тіркелетін жұқпалы және паразиттік аурулардың ішінде иммунопрофилактика арқылы алдын алуға болатын төрт аурудың (көкжөтел, қызылша, А және В вирустық гепатиттері) үлесі 1–1,5 пайызды құрайды.Иммундау арқылы алдын алуға болатын аурулар қаупі толық жойылған жоқ. Әлемде жыл сайын вакцина алмаған шамамен бір миллион бала жұқпалы аурулардан көз жұмады. Сондықтан иммундау – халық денсаулығын сақтаудың маңызды тетігі.
Жалпы жұқпалы әрі тез таралатын аурулардың алдын алудың басты тетігі-вакцина алу. Бұл үрдіс дамушы елдерде мықтап жолға қойылған. Алайда елдегі кейбір ата-аналар негізсіз түрде балаларын екпе салдырудан бас тарту жағдайы кездеседі. Мұндай жаңсақ пікірлер дифтерия, қызылша, көкжөтел, эпидемиялық паротит секілді аурулардың қайта көбеюіне әкелуі мүмкін. Мұны 2023 жылдан бері орын алған қызылша мен көкжөтелдің өршуінен анық байқауға болады.
Жамбыл облысында 2023 жылы қызылшаның 3584 жағдайы тіркелсе, 2024 жылы – 1172 жағдай, көкжөтелдің 108 жағдайы анықталды. 2025 жылы қызылша – 927, көкжөтел – 5 жағдай тіркелді. Ал 2026 жылдың алғашқы үш айында 527 жағдай анықталды. Ауруға шалдыққандардың 80 пайыздан астамы – екпе алмаған немесе вакцинация мәртебесі белгісіз балалар.
Көптеген ата-аналар екпені формалды шара ретінде қабылдап, оның алдын алу және сауықтыру маңызын толық түсіне бермейді. Соның салдарынан негізсіз бас тарту жағдайлары артып отыр.
Вакциналар туралы жалған ақпарат олардың пайда болған кезінен бері бар, алайда қазіргі таңда ол бұрынғыдан да жылдам таралуда және халықтың сеніміне нұқсан келтіруде.
Әрбір ата-ана баласының амандығы мен денсаулығын қалайды. Бұл – вакцинацияға деген оң көзқарасты қалыптастырудың негізі болуы тиіс. Ата-аналардың белсенді ұстанымы мен медицина қызметкерлерімен ынтымақта стығы ғана вакцинацияға деген сенімді арттырады.
Ғылыми дәлелдерге сәйкес, вакцинацияға жұмсалатын шығын ауруды емдеуге кететін шығыннан 10–1000 есе аз. Мемлекет профилактикалық екпелердің қолжетімді болуына және олардың тегін жүргізілуіне кепілдік береді. Азаматтардың вакцинация кезінде вакцина туралы толық әрі объективті ақпарат алуға, екпеден бас тартудың салдары мен ықтимал асқынулар жөнінде білуге, сондай-ақ екпе алдында медициналық тексеруден өтуге құқығы бар.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.