Демеуші есебінен дертке дауа болар құрылғы алынды

0 10

Тұрар Рысқұлов ауданына  «Golden compass»ЖШС-і демеуші болып, құны 12 млн.теңге тұратын арнайы медициналық құрылғыны аудандық орталық ауруханаға алып берді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бұл құрылғы халі аса мүшкіл жандардың дертіне дауа болары сөзсіз. Аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне орнатылған құрылғы — дертіне дауа іздеген жанға шипа берер жақсы дүние екені хақ.

Қауіпті індет дендеп, аудан жұртшылығының денсаулығын нығайту мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жергілікті кәсіпкерлер үлкен үлес қосуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.