Трамп АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандардың күрт азайғанын мәлімдеді

0 0

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, елде соңғы уақытта коронавирус жұқтырғандардың саны күрт азайған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Газета.ru басылымына сілтеме жасап.

Америкалық президент, кей жағдайды қоспағанда, АҚШ территориясында COVID-19 тіркелгендер саны айтарлықтай азайғанын атап өтті.

«Бұл шынымен жақсы жаңалық!» — деп жазды Трамп Twitter-де.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы деректеріне сүйенсек, АҚШ-та 1,486 миллион адамнан коронавирус анықталған. COVID-19 жұқтырған 89,56 мың адам қайтыс болған, 268 мың адам жазылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.