Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Еліміздің бірқатар өңірінде күн бұзылады

0
127

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 қараша Нұр-Сұлтан қаласында тұман түсіп, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Күннің екінші жартысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

7 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20, 23 метр жылдамдықпен жел еседі.

Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

7 қараша түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны түнде кей жерлерде – 15-20 м/с, күндіз – 15-20, 23 м/с дейін күшейеді.

Осы күні Қостанай қаласын да оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here