Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

0 0

Бүгін Қазақстанның үш өңірінде жағымсыз метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, сәрсенбіде Қарағанды, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.