Алматыда 25 мамырда қоғамдық тамақтану орындары жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, қалада қоғамдық тамақтану саласында 3100 кәсіпорын тіркелген. Онда 27 мың адам жұмыс істейді. «Бұл кәсіпорын басшыларына қойылатын басты шарт – келушілердің арасындағы қашықтықты қамтамасыз ету. Бір үстелге бір отбасыдан 4 адамнан артық отырғызуға тыйым салынады. Бұл нысандар түнгі 23:00 дейін жұмыс істеуге құқылы. Бірінші кезеңде банкеттер мен той жасауға тыйым салынады. Осы тамақтану нысандарының ішінде караоке, бильярд, кальян орталықтарының жұмыс істеуіне тыйым салынған», – деді басқармадан. Әкімдік қалада бұрынғыдай карантин шаралары жалғасатынын ескертті. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, сондай-ақ қонақүй нысандарының жұмысы барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда мүмкін болады. Сонымен бірге, Алматыда алаңы 2000 шаршы метрден астам ірі сауда нысандарын (мегаполисте мұндай нысандар – 64) міндетті нысандардың дайындығын бағалағаннан кейін ғана ашуға болады. Аудит өткізуге берілетін тапсырыс күн сайын call-орталық, сондай-ақ электронды пошта арқылы қабылданады. Қалған сауда, қоғамдық тамақтандыру және қонақүй нысандарына қойылған шектеулерді дайындық бағалауын өткізбей-ақ жұмысын бастаса болады. Олар ең алдымен Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің infoalmaty.kz сайтындағы қаулысының ережелерімен танысып, екіншіден – нысанның ереже талаптарына сәйкес дайындығы, оның қатарында міндетті әлеуметтік қашықтық, жұмыс орындарындағы қатаң санитарлық режім сақталған жағдайда ғана жұмысын бастай алады. Дайындық аяқталғаннан кейін – infoalmaty.kz сайтына тіркеледі және нысан ереженің талаптарына сәйкес дайын екенін растайды, сондай-ақ кәсіпорындарда электрондық цифрлық қол қойылған хабарламаға қол қою арқылы бекітілген нормалардың сақталуына кепілдік береді. Жұмыс орындарына тікелей қажетті жұмысшылар санын аталған ұйым басшылары өздері белгілейді. Қызметіне рұқсат берілген ұйымдардың облыста тұратын қызметкерлеріне қалаға кіріп-шығуға рұқсат беріледі. Қалаға кірудің міндетті шарты – қызметкерлердің деректерін infoalmaty.kz базасына енгізу. Тіркеу нысандар жұмысқа рұқсат алғаннан кейін мүмкін болады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here