1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

0
5

— Бүгін 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды және ол 1 тамызға дейін жалғасады , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылыми министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, құжаттарды тапсырудың үш жолы бар. Атап айтқанда, egov.kz арқылы, ХҚКО арқылы және қағаз түрінде мектепке тапсыруға болады.

Қажетті құжаттар тізімі мынадай:

Ата-ананың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші;

Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

3х4 көлеміндегі 2 фото

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here