Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңгенің жартысы берілетін болды

0 1

Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңгенің жартысы, яғни 21 250 теңге берілетін болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— Бұл мәселеге қатысты Президенттің тікелей тапсырмасы бар: екі аптаға созылған карантинге байланысты төлем міндетті түрде жүргізіледі. Алайда бұрынғы соманың жартысы, яғни 42 500 теңгенің жартысы – 21 250 теңгеден беріледі. Бұл соманы біздің азаматтар міндетті түрде алады, — деді Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізіп, карантин шараларын екі аптаға ұзартуды тапсырған болатын. Мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстанда карантин шаралары екі аптаға ұзартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.