Көпбалалы отбасыларға коттедж берілуі мүмкін

0 0

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында азаматтарға жеке тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін бағытқа өзгеріс енуі мүмкін. Осы уақытқа дейін коттедждер жекеменшік иелеріне сатылса, енді бұл баспаналарды табысы төмен азаматтар ала алады. Мемлекет басшысы бұл жоба әсіресе, көпбалалы отбасыларға қолдау болатындығын атап өтті.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев жолдау барысында «Нұрлы жер» жобасының маңызды тұсына тоқталған болатын. Мысалы, азаматтар жер сатып алып, жеке тұрғын үй тұрғызуға немесе жеке дайын коттедж сатып алуға болады.

 

«Көпбалалы отбасылар үшін жер үй бұл баспана ғана емес, табысы төмен азаматтарға экономикалық демеу де бола алады. Әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін тиімді. Депутаттардан осы маңызды мәселенің шешілуін бақылауға алуды сұраймын», — деп атап өтті Тоқаев.

 

Мемлекет басшысының бастамасы іске асатын болса, ауылда жұмыс істейтін азаматтарға, әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін арендалық коттедждер салынады. Ал арендалық үйлерді жұмыс берушілердің есебінен салып, артынан құрылысқа кеткен шығындарды субсидиялауға ұсыныс жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.