Қазақстанның екі облысы қызыл аймақта

0 6

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерте вакцинациялау, жаппай маска тағу режимін және ара қашықтықты сақтау шараларының арқасында биыл күзде халықтың пневмониямен және ЖРВИ-мен сырқаттанушылығы тұрақты төмендеу динамикасына ие. Мысалы, тек қазан айында осы жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда, пневмониямен ауырғандар саны 26%-ға, 24,8 мыңнан 18,3 мыңға дейін азайды, ал жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар 7,6%-ға, 286,8 мыңнан 265,3 мың адамға дейін азайған. Өткен жылмен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауыру 1,7 есе – 2019 ж. қазандағы 441,2 мыңнан биыл қазанда 265,3 мыңға дейін төмендеді. Сонымен қатар барлық өңірде COVID-19-бен ауыру жағдайларының артқаны байқалады.

Вирустың репродуктивтік индексі республика бойынша – 1,2, инфекциялық төсек орындарының толтырылуы 21%, реанимациялық төсек орындарының жүктемелігі 17% құрайды. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары — қызыл аймақта, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары — сары аймақта. Премьер-Министр қызыл және сары аймақтардағы өңірлердің әкімдеріне жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдап, мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.