Үкімет контрциклдық макроэкономикалық саясатты жалғастыруы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп жазады “ZhambylNews” AA.
«Үкімет экономикалық белсенділікті қолдауға бағытталған контрциклдық макроэкономикалық саясатты жалғастыруы тиіс. Фискалдық саясатты жетілдіру аясында Салық кодексін оңайлату, іскерлік белсенділік пен бәсекелестікті ынталандыру тұрғысынан ревизия жүргізу қажет. Шағын және орта бизнесті қолдауға назар аудару керек», — деді Президент.