«Ой саяхаты»

0 7

Миллиардтаған жұлдыздармен,
Саяхаттап қайтайын мен ойыма.
Түнгі аспанның әлемімен,
Поэзия, өмірім өзің жайында!
Қалам алып, жаза бастаймын ойымды
Сырлы әуен, пәк көңілді сырымды.
Жұмбақ ойлар мен мың түрлі сұрақ ойыма,
Сап етіп келіп, сап етіп шығып, тыйылды.
Ай жарығы, маужыраған түннің дыбысы,
Көктемнің самал, ескені желдің тынысы.
Құстардың сайрап, тыныш күйінде ән салған
Мынау бір өмір өтерде кетер бір жылы.
Ей, өмірім, мен сені сүйемін, сүйіп өтем,
Бақыттымын, бақыт жоқ дейтін, ол бөтен-бөтен.
Сағат, минут, секундым өтіп барад,
Жылдар жылжып, уақытым кетуменен.
Мен әлі ұзақ саяхаттаймын, өте ұзақ,
Ойыммен, өмір жолыма.
Сағынып, мүмкін, отырасың бір кез,
Жауқазын көңіл жырыма.

Шу ауданы, Еңбекші орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ғалия Нығман.

Leave A Reply

Your email address will not be published.