Таразда студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді

0 6

Бүгін білім басқармасының ұйымдастыруымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қолдауымен Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде «АntiParaCraft-2021» студенттік квест-ойыны өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жоба сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Квест 3 кезеңнен тұрды. Ойынға 2 студенттен құралған 4 команда қатысты. Ережеге сәйкес алғашқы кезеңде командалар топтың атауымен, мүшелерімен және ұрандарымен таныстырып, шараға қатысу барысындағы алға қойған мақсаттарын қорғады.

Келесі айналымда студенттер квест ситуациясы бойынша жемқорлық тәуекелдерінің шешімін тауып, сыбайлас жемқорлықтан құтылудың тиімді жолдарын ұсынды. Ал, «Клад ойыны» деп аталатын үшінші кезеңде студенттерге бір сөз жасырынған карточкалар таратылады. Онда берілген тапсырмаларға сәйкес қатысушылар колледж ауласындағы жасырынған келесі тапсырманы алуы қажет. Тапсырмалардың барлығын орындаған топ ойын соңында жасырынған «ЖЕМҚОРЛЫҚ» сөзін құрастырды. Тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындаған топ жеңімпаз атанады.

Ойын нәтижесі бойынша: І орынды «Алаш жастары» тобы жеңіп алды. ІІ орынды «QZ» тобы иеленсе, ІІІ орынды «Адал ұрпақ» тобы иеленді. ІV орын «Ақиқат» тобына бұйырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.