Жуалы ауданының күндері өтті

0
9

Облыс әкімінің бастамасымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  орай Тараз қаласындағы аудан күндері жалғасуда. Бұл жолы «Туған жерім – дархан далам» атты Жуалы ауданының мәдениет және өнер күні өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қатысып, алдымен «Баласағұн» орталық концерт залында орналасқан аудан еңбеккерлерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін тамашалады. Келесі кезекте өңір басшысы кітап көрмесімен танысты.

Тәуелсіздігіміздің отыз жылдық белесіне арнап, отыз әженің ұлттық киімде ән салуы, 30 өнерпаздың бір мезгілде «Балбырауын» күйін тартуы ерекше назар аудартты.  Өңір басшысы түрлі ұлт өкілдерін ұлттық тағам көрмелеріне, Қазақ хандығының тарихынан сыр шерткен көрініске жақсы бағасын берді.

Орталық «Баласағұн» концерт залында ұйымдастырылған «Туған жерім – дархан далам» атты концерті де көрерменнің көңілінен шықты. Концерттік бағдарлама «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты театрландырылған көрініспен басталды. Жуалылық әншілер Майра Шәкірбаева мен Ерлан Сазанбаевтың орындауындағы Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әні тыңдармандарды тербей түсті.

Концерт соңында аудан өнерпаздарына облыс әкімінің ықылас гүлі тарту етілді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here