Өңірде егін орағы жалғасуда

0 0

Әулиеата өңірінде егін орағы жалғасуда. Бүгінгі күні аймақтағы кейбір аудандар егіннің 85 пайыздан астамын  жинап үлгерді, — деп хабарлайды Zhambylnews AA.

Қазіргі уақытта  482 434 тонна астық бастырылса, әр гектардан алынған орташа өнім көлемі- 22,4 центнерді құраған.

Бүгінгі таңда Шу ауданы астықтың  80 пайызын жинап, гектарына 23,7 центнерден өнім алған.  Бұл көрсеткіш  Байзақ ауданында – 23,1,  Т.Рысқұлов ауданында — 23,0 Қордай ауданында — 22,5 центнерді құрады.

Ал басқа аудандарға қарағанда ауа райы салқындау болатын Жуалы ауданындағы егіс алқаптарының 43 пайызы орылып, қамбаға құйылған. Орташа өнім көлемі гектарына – 22,7  центнер.  Жалпы Жуалы ауданының шаруалары 35505 гектар алқапқа масақты дәнді дақыл сепкен болатын.

Облыс бойынша  биылғы жылы 328 706 гектарға арпа-бидай (139 761 га. бидай, 188 945 га. арпа) егілсе, қазіргі уақытта оның 215 070 гектары орылды. Науқанға 782 комбайн қатысуда.

Астықты ысырапсыз жинап алу үшін шаруаларда дизелдік отын қоры да жеткілікті. Биылғы шілде-қазан аралығындағы жиын-терін жұмыстарына 16 200 тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінген. Оның ішінде, шілде айына – 5 800 тонна, тамыз айына – 3 300 тонна, қыркүйек айына – 3 700 тонна, қазан айына – 3 400 тонна қарастырылды.

Мәліметтер ауылшаруашылық басқармасының фейсбук парақшасынан алынды

Leave A Reply

Your email address will not be published.