Сарысу ауданы Досбол ауылына көгілдір отын берілді

0 2

Сарысу ауданы Досбол ауылы тұрғындарына көгілдір отын берілді ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Досбол ауылы тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Елді мекенге көптен күткен көгілдір отын берілді. Досбол ауылының тумасы Әбдірахым Жұмаділов өз демеушілігімен «Ақмешіт» мешітіне жылу жүйесін тартып, газ пешін орнатып берді.
44 үй толық газға қосылмақ.

-Аудан орталығы Жаңатас қаласында жыл сайын тұрғындар баспаналы болып, қоныс тойын тойлауда. Ұлтымыз үшін алатын бесік болып саналатын ауылдың жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Өйткені, от жағып, отын сатып алу оңай шаруа емес. Енді міне, ауылымызға газ келді. Қуанып отырмыз,-деді ауыл тұрғыны Дүйсенкүл Оспанова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.