Бүгін Жамбыл облысы жане Тараз каласы жабылады

0
296

Жамбыл облысының аумағында 2020 жылдың 31 наурызында сағат 00.00-ден бастап жаңа шектеу шаралары енгізіледі:

1) транзиттік автокөліктер, сондай-ақ өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін және тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін азық-түлік тауарлары, дәрілік заттар және медициналық бұйымдар, өндірістік тауарлар мен материалдар таситын автокөліктерді қоспағанда, автокөлік құралдарының барлық түрлеріне Жамбыл облысы мен Тараз қаласының аумағына (аумағынан) кіруіне және шығуына тыйым салынады;

2) ірі сауда орталықтарының (оларда орналасқан азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда), саябақтардың, монша кешендерінің, санаториялық-курорттық нысандардың, интернет-клубтардың, Көлікжуу орындарының, сұлулық салондарының, шаштараздардың, азық-түлік емес автомобиль, киім-кешек, құрылыс базарларының қызметі тоқтатыла тұрады. Бұл ретте тауарларды жеткізу арқылы өткізу мүмкіндігі сақталады;

3) бөлшек сауда базарлары санитарлық-дезинфекциялық режимді міндетті түрде сақтай отырып (күніне екі рет дезинфекциялық іс-шаралар өткізу, антисептиктері бар санитайзерлер орнату), сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады;

4) көтерме азық-түлік қоймалары мен базарлары, супермаркеттер, азық-түлік сауда орындары, үй жанындағы дүкендер мен дәріханалар қалыпты режимде өз жұмысын жалғастырады;

5) қоғамдық тамақтандыру объектілері (кафелер, мейрамханалар, барлар, асханалар және басқалар), азаматтардың үй-жайларына бармай-ақ, алып кету және апарып беруді тәулік бойы жүзеге асыратын әдеттегі қызмет көрсетуді қоспағандағы, тамақтану орындарының жұмысы тоқтатылады.

6) Жамбыл облысының тұрғындарына азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті заттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу, медициналық көмекке жүгіну, сондай-ақ күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайларды қоспағанда, аса қажет болмаса тұрғын үйден шығу шектеледі;

7) отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан көп топтарда адамдардың қозғалысына шектеу қажет. Кәмелетке толмағандардың ересек адамсыз жүруіне тыйым салынады.  65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау қажет;

8) облыс тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін полицейлердің, медициналық, авариялық-құтқару және басқа да коммуналдық және шұғыл қызметтердің (жылумен-газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, энергетика және т.б.) қызметі шектелмейді.

Сонымен қатар, Қордай ауданының аумағында коронавирустық инфекцияның бұған дейін анықталған жағдайларына байланысты қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

1) Төмендегі жағдайларды қоспағанда, Қордай ауданының елді мекендері арасында халықтың, оның ішінде қоғамдық көліктің қозғалуын 22.00 сағаттан 7.00 сағатқа дейін шектеу:

– жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігі болған кезде ғана тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру;

– шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге жүгіну;

– үй малын жаю;

– күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар болған жағдайда үйден шығу;

2) аудан тұрғындарына туысқандарына, таныстарына, көршілеріне, әріптестеріне және т. б. баруға жол берілмейді;

3) шекаралық бақылау-өткізу пункттерінде транзиттік жүк автокөліктерін, сондай-ақ Жамбыл облысының өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін және тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін азық-түлік тауарлары, дәрілік заттар және медициналық бұйымдар, өндірістік тауарлар және материалдары бар автокөлікті қоспағанда, автокөліктің барлық түрлерінің сағат 19.00-ден 10.00-ге дейін кіруіне тыйым салынады;

4) коронавирустық инфекцияның болуына қатысты зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағына келетін азаматтарды бір күндік стационарлық карантинге міндетті түрде орналастыру енгізіледі.

5) сондай-ақ ауданда қоғамдық көлік пен такси қозғалысы шектеледі;

6) Қордай ауданының аумағына (аумағынан) төмендегі жағдаларды қоспағанда  сағат 19:00-ден 7:00-ге дейін автокөлік құралдарының кіруіне және шығуына шектеу енгізіледі:

– транзиттік жүк автокөлігі, сондай-ақ азық-түлік тауарлары бар жүк автокөлігі және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету қызметтері;

– шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге шығу;

– тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін жүріп-тұру және кері қайту жағдайында жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігінің болуы.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here