Жамбыл облысында қайта жаңғыртудан өткен Аспара гидроторабы іске қосылды

0 4

30 наурыз күні Жамбыл облысының Меркі ауданында қайта қалпына келтірілген Аспара гидроторабы мен қосымша сумен қамту трактісі іске қосылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев пен экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов қатысты.

Соңғы жылдары Жамбыл облысы вегетациялық кезеңінде суару ылғалының тапшылығын бастан кешіріп келе жатқаны жасырын емес. Ал егер ағымдағы жылы Орталық Азия аймағында ылғал тапшылығы сезіледі деп күтілуде. Ол шаруалардың ойдағыдай өнім ала алмауына әсер етуі мүмкін.

Осыған орай 2018 жылы су тапшылығын ішінара шешу үшін аталған жоба қолға алынған болатын. Бүгінгі таңда 1928 жылы пайдалануға берілген Аспара су торабы толығымен қайта жаңартылды. Ол бойынша «Аспара қосымша сумен қамту трактісі» (АПТ) каналының 7,6 шақырымдық бетон жамылғысы ауыстырылды. Ол 3,7 мың гектар суармалы жерді сумен қамтуға негізделген.

Бердібек Сапарбаев жаңартылған су торабы мен тарату орталығының жұмысымен жан-жақты танысып, жергілікті фермерлермен әңгімелесті. Облыс басшысы нысан іске қосылғаннан кейін суармалы жер көлемі қаншаға артатынын сұрады. Бұл орайда 1,5 мың гектар суармалы жердің айналымға қосылу туралы айтылды.

Жыл сайын облыс бойынша 170 миллион текше метрге дейін ылғал жетіспейді. Ағымдағы жылы біздің шаруаларымыз суармалы судың тапшылығын сезбеуі тиіс. Біздің міндетіміз – суармалы жерлердің көлемін 200-210 мың гектарға жеткізу. Тасөткел су қоймасын жөндеу, кем дегенде үш шағын су қоймасын салу жұмыстары жоспарлануда. Біз суды жинауға және сақтауға дағдылануымыз керек. Суармалы су мәселесін шешу арқылы өңіріміздің шаруалары үшін жоғары рентабельді дақылдарды егу және жоғары өнім алу мүмкіндігіне қол жеткіземіз. Қант қызылшасының егісін ұлғайту қажет. Базардағы тәтті өнімнің құны өсіп келеді десек, бұл тұрғыдағы басты мақсат – облысымызды қантпен қамтамасыз ету. Бұл ретте сапалы тұқымдарды пайдалануға назар аудару қажет, біз осы мәселе бойынша семинар өткізетін боламыз, — деді облыс басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.